Әлеуметтік жауапкершілік

Қазіргі заманғы бизнес қауымында қалыптасқан қағида бойынша әлеуметтік ортада қайырымдылық пен мейірімділік істерін атқару әр тұлғаның парызы болып есептеледі.

«SAT & Company» АҚ өзінің негізгі қызметімен бірге спорт, саулық тұрмысты насихаттау, кемтарлық пен жоқшылық мұқтажына түскен жандарға демеушілік атқаратын әлеуметтік институттарына көмек көрсетіп келеді. Жетім үйлеріне, тұрмыс жағдайы төмен жанұйяларға көмек жасау және жалпы қоғамдық мейріміділік шараларын өткізуімен қатар, Компанияның осы саладағы өз бағдарламалары да бар:

  • «Сәби» қайымдырылық жеке Қорымен істестік.
    Балалар медициналық мекемелері, тұрмысы төмен жанұяда өскен балаларға, жетімдер мен мүгедектерге көмек көрсету.
  • Теннис, футбол, бокс спорт түрлеріндегі талапты жас түлектерге көмек көрсету
  • Отандық әуесқой және кәсіпқой бокс түрлерін қолдау:
    — «Алматы қ. Бокс Федерациясы» заңды тұлғалардың Бірлестігі
    — Қазақстан кәсіпқой бокс Федерациясы
    өткізетін шараларға қатысу және демеушілік атқару
  • Отандық жоғары оқу орындарының дамуын қолдау, елдің экономика өнеркәсібінің келешек мамандарын дайындау істеріне демеу көрсету
  • Компания қызметкерлері қатарынан спорт командаларын құру, саулық тұрмыс насихатын жүргізу, қалалық және мекемеаралық жарыстарға қатысу
Қайырымдылықтың мәні тек әлеуметтік ортада ғана білініп қоймайды, оның Компания  ішіндегі қауымға да әсері өтіп, әр адамның ішкі дүниесін қалыптастырады. Бұл қағиданың  «SAT & Company» үшін мағынасы зор.