Жаңалықтар

1.03.2016

SAT компаниясының нәзік жанды қызметкерлері!

Ежелгі заманнан бері ер адамдар нәзік жанды әйелдерді қадір тұтып, сүйсініп келеді. Әртүрлі дәуірлердегі замандас қыз-келіншектер де әртүрлі болды. Қайта өркендеу дәуірінің, алтын ғасырдың, Кеңес Одағы тұсындағы, біздің кезіміздегі, яғни 21-ші ғасырдың әйел адамдары бір-бірінен айрықшаланады. 
Әйелдер ешқашан бір жерде тұрып қалмайды, үнемі өзгеріп тұрады, үнемі ілгерілей түседі, әйелдермен бірге ер кісілер де өзгереді.
Заманауи әйел дегеніміз кім және қандай талаптарға сай келеді? 
Заманауи әйел – бұл ешкімге тәуелденбейтін, өз күшіне ғана сенетін, өз өмірін өз қалауынша қалыптастыратын, яғни жанұя құрып, сәби сүюге, еңбек жолында биік белестерге шығуға қабілетті адам. Сонымен қатар, әйел - жүрегі нәзік, көңілі пәк, бойында өзге біреуге деген қамқорлық тұнып тұрған адам.
SAT компаниясының құрметті нәзік жанды арулары! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8-ші наурыз «Халықаралық әйелдер күнімен» құттықтаймыз!
Осы мереке келіп жеткен күні ғана көктемнің есік ашқаны сезіледі. Қыс қаһарының аяқталмағанына қарамастан, аталмыш мереке көңіл-күйді көтерудің тағы бір себебі іспеттес.
«SAT & Company» компаниясының сүйікті және нәзік әйелдер қауымы, осындай керемет мереке күні құшақтарыңыз гүлге, жанарларыңыз қуанышқа толсын! Сіздерге әрдайым бақытты болуды нәсіп етсін!
Бүгін SAT компаниясының жігіттері сіздерге деген жақсы ниеті мен ізгі құрметін білдіруге мүмкіндік алды. Сіздер сияқты кербез әрі сұлу әріптестеріміздің барына біз аса қуаныштымыз.
іздің ұжымымызда 10 жылдан астам қызмет етіп келе жатқан нәзік жандыларды атап өтуді жөн көрдік. Басқарма Төрағасының қаржы және инвестициялар жөніндегі орынбасары Сагитова Румия Шафхатқызы бастаған сегіз керемет әйел – біздің компаниямыздың негізі қаланған кезден бастап еңбек етіп келе жатқан әріптестеріміз.

1Сагитова Румия Шафхатқызының сыртқы келбеті де, ішкі жан-дүниесі де сұлу. Жүріс-тұрысы, киім киісі өте әдемі, бірқалыпты, байсалды. Діттеген мақсатына қол жеткізбей қоймайды. Оқуын үздік аяқтаған ол мамандығы бойынша еңбек етіп, SAT компаниясында мансабын арттырып келеді. «Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас» деген мақалда келтірілген қағиданы ұстанған Румия Шафхатовқызы: «Мен ұйымшыл ұжымда еңбек етіп келемін, 10 жылдан астам уақыт бойы бірге қызметтес болып келе жатқан әріптестерім маған күнделікті қолдау көрсетеді», - дейді. Осындай әріптестерінің арасында Шарабок Надежда Ивановна, Аликеева Гүлжан Мұратбекқызы, Сарсенғалиева Гүлнар Муханбедянқызы, Никулкина Татьяна Викторовна, Гадецкая Елена Николаевна, Тюфякова Светлана Геннадьевна, Артюкова Ирина Анатольевна бар. Аталған әріптестеріміз бірінен бірі асып түсетін, жылы жүзді, кербез, сауатты, өз ісіне мұқият жандар. Осы кісілермен қызметтес екенімізді мақтан тұтамыз!

2Шарабок Надежда Ивановна көп жылдар бойы біздің компаниямыздың бас есепшісінің қызметін атқарып келеді. Ол - мәдениетті, байсалды, әрқашан көмек қолын созуға дайын тұратын керемет жан.




3Оның орынбасары Никулкина Татьяна Викторовна шыншыл адам, өз ісін жетік меңгерген сауатты маман. Кез-келген адамның тілін таба біледі. Сонымен қатар, ол кісі немересінің тәрбиесіне зор ықылас бөлетін қамқор әже.






4

Есеп бөлімінде өз ісіне жан-тәнімен берілген, дарынды кәсіпқой есепші бар, ол – Гадецкая Елена Николаевна. Өзінің кәсіби біліктілігін үнемі арттыруға ұмтылады, себебі өзінің лауазымдық міндеттерін әрдайым мұқият орындайды. Өз өмірін балаларын тәрбиелеуге арнаған аяулы ана.



Қаржы департаментінің директоры Аликеева Гүлжан Мұратбекқызы мен бас маманы Артюкова Ирина Анатольевна да - ардақты ана және сүйікті жар.
5Гүлжан туралы айтатын болсақ, ол – білімді, білікті, зерек маман. Өз дегенінен қайтпайды, әрдайым әділетсіздікке қарсы тұрады және бастаған ісінің аяқсыз қалуына ешқашан жол бермейді. Өмірінің мәні – қызғалдақтай екі қыз баласы.






6Гүлжанның жанында Ирина есімді нәзік бойжеткен көп жылдардан бері қызмет етіп келеді. Ол жанұясы мен жұмысын бірге алып жүрген, көздеген мақсатына жетпей тынбайтын өжет адам. Оның пайымдауынша, заманауи әйелді жұмысында жеткен табыстары ғана емес, сондай-ақ бақытты отбасының ұйытқысы болу да көрікті етеді.




7Заң департаментінің директоры Тюфякова Светлана Геннадьевнаның қол астында барлығы дерлік ер адамдар қызмет етеді. SAT компаниясына жұмысқа қабылдануын өміріндегі ең жауапты сәттерінің бірі деп есептейді. SAT компаниясының өркендеуі үшін аянбай еңбек еткен кәсіпқой маман. Кез-келген жобаны аса жоғары мұқияттылықпен, табандылықпен жүзеге асырады. Жұмысы өте қызық, үлкен жауапкершілікті талап етеді. Көптеген елдерді аралаған, дүниетанымы жоғары, әрқашан алға қарай ұмтылады.



12Қызметкерлер құрамын басқару және әкімшілік ету жөніндегі департаменттің директоры Сарсенғалиева Гулнар Муханбедьянқызы өзіне сеніп тапсырылған бағытты қажырлықпен басқарып келеді, ұжымының арасында құрметке ие. Еңбекқор, жұмысқа деген қабілеті өте жоғары, әртүрлі күрделі кезеңдерде кеңсенің жұмысын тіпті жұмыстан тыс уақытта да ретке келтіруден тайынбайды. Жұмысына жан-тәнімен берілген. Егер Гулнар сияқты ынталы, жігерлі адамдар болмаса, біздің еліміз тоқсаныншы жылдарда-ақ құлдырар еді. Сонымен қатар, ол айналасындағы адамдарға жылулық, қуаныш және мейірім сыйлайды.

Көктемнің басты мерекесінде біздің нәзік жанды әріптестеріміздің еңбегін елеусіз қалдыруға болмайды. SAT компаниясы үшін жаңа белестер әлі алда, алдағы уақытта жаңа жобалар басталады және олардың ешқайсысы біздің нәзік жанды әріптестерімізсіз жүзеге асырылмайтыны анық. Себебі сіздер компаниямыздың тек алға ілгерілеуіне күш-жігер бересіздер. Жанұяларыңыздың бақытты болуына, еңбегіңіздің табысты болуына кедергі келтіруі мүмкін кез-келген мәселенің шешімін сіздер ғана таба аласыздар. Ұжымымыздың әр мүшесі «Мен SAT компаниясында қызмет етемін!» деп зор мақтанышпен айта алатындай етіп, компанияның одан әрі дамып, өркендеуіне, биік белестерге жетуіне сіздердің қосатын үлестеріңіз орасан зор.

Бақытты болыңыздар, құрметті нәзік жанды әріптестеріміз!

Барлық жаңалықтар