Жаңалықтар

13.07.2015

Бас бухгалтер жайында бір ауыз сөз

Біздің уақыт зулап өтіп жатыр. Бір күн екіншісін алмастырады, біз тәжірибе мен даналық жинақтаймыз. Артқа қарай шегініс жасап, жеткен жетістіктерімізді таразыға саламыз да, жаңа күшпен жаңа үміт пен сәттіліктерге қарай ұмтыламыз.
Жаңа 2015 жылдың қарсаңында «SAT & Company» АҚ-ның Бас бухгалтері Шарабок Надежда Ивановнаның үкімет марапаты – «Еңбек ардагері» медалімен марапатталғаны біздің ұжым үшін зор жетістік болды. 

1

Бұл әсем, сүйкімді және жігерлі әйел адам бас бухгалтер қызметін 2009 жылдың ақпанынан бері атқарып келеді. Өзінің лауазымдық өкілдіктерін кәсіби түрде, жан-тәнімен беріліп, орынды ынтагерлікпен орындап, ол үшін «SAT & Company» АҚ-ның басқарушылары тарапынан бірнеше мәрте көтермеленді.
Өткен жылы Қоғамның бухгалтерік есеп жүйесін оңтайландыру бойынша қомақты жұмыс көлемін орындап шықты. Жұмысының негізгі қорытындысы жылдық бухгалтерлік есептілікті дайындау кезінде уақыт шығынының 7 %-ға қысқаруы, бухгалтерлік ақпаратты өңдеу сенімділігінің артуы болды.
Кәсіпорынның есеп саясатын әзірлеуге парасатпен, компания қызметінің ерекшелігін, сондай-ақ бухгалтерлік ақпаратқа деген қажеттіліктерін жан-жақты ескере отырып кірісті. 2010 жылдың екінші жарты жылдығында бухгалтерияның күнделікті қызметін жетілдіруге бағытталған бірқатар шараларды сәтті жүзеге асырып шықты, оның ішінде шаруашылық операцияларды рәсімдеудің дұрыстығын, құжат айналымы тәртібін орындаудың ішкі бақылау жүйесін қайта ұйымдастыру. Есеп ақпаратын өңдеу технологиясы мен рұқсатсыз пайдаланудан қорғау әдістерін жаңартуға ерекше назар аударады.
Бухгалтерлік есеп және есептіліктің ақпараттық жүйесін реформалауды жігермен басқарады. Ішкі және сыртқы пайдаланушылар үшін қажетті бухгалтерлік ақпараттың олардың сұраулары мен қажеттіліктеріне дәл сәйкестікпен берілуін қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есеп шоттарында шаруашылық операцияларды көрсетудің анықтылығын, активтер қозғалысын, табыс пен шығыстың қалыптасуын, сондай-ақ кәсіпорын тарапынан қаржы міндеттемелерінің орындалуын жүйелі түрде бақылайды.
Бюджетке салық пен алымдардың, мемлекеттік бюджеттен тыс әлеуметтік қорларға сақтандыру жарналарының уақытылы және толықтай аударылуына бағытталған түбегейлі шаралар қолданады. Еншілес ұйымдарда жүргізілген құжаттық тексерістердің нәтижелерін жүйелі негізде талдайды. Қаржылық қызмет нәтижелерін жақсартуға бағытталған ұсыныстардың әзірленуін ұйымдастырады және оларды жүйелі түрде басшылықтың қарауына ұсынады.
Берік қаржылық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмысты сауатты басқарады. Бас бухгалтерге жүктелген өзге өкілдіктерді уақытылы, толық көлемде және жоғары сапамен орындайды.
Корпоративтік тренинг жүйесінде жеке кәсіби даярлығын тапжылмай жетілдіреді. Заңнамадағы өзгерістерді уақытылы және тереңінен зерттейді, заңнама ережелерін өз жұмысында дұрыстап басшылыққа алады. Кәсіби қызметінің бейіні бойынша озық тәжірибесін меңгеріп, бұл білімді тәжірибе жүзінде сәттілікпен қолданады.
Бас бухгалтердің өкілдіктерін орындау кезінде жоғары біліктілігі мен ұқыптылығын әрдайым таныта біледі. Еңбекке деген зор қабілеттілікке ие. Күрделі іскери жағдайда байсалдылық танытып, орын алған қиындықтарды тиімділікпен еңсеруге бағытталған бейстандартты шешімдердің әзірленуі мен жүзеге асырылуын қысқа мерзімде ұйымдастыра біледі. 
Әріптестерімен әрдайым әдепті, тілектес. Бағыныштыларына деген талапшылдығы оларға деген қамқорлықпен бірге үйлеседі.
Надежда Ивановна өзінің командасымен бірге жоғары нәтижелерге қол жеткізуде, адалдық, мейірімділік және ризашылық сияқты адами қасиеттерінің арқасында әрекет етіп, жеңіске жетеді. Ол әрдайым кез келген нәрседен хабардар болуға және өзінің белсенді өмірлік ұстанымын қорғауға талпыныс жасайды.
Биылғы жыл бұл кісі үшін мерейтой жылы екенін еске алудың жақсы сәті түсіп отыр. Компанияның әр қызметкері Надежда Ивановнаның ұйымдастырушылық қабілеттерін, адамдардың көңілін таба білуін, еңбекке деген зор қабілеттілігін жақсы біледі. Бүгінгі таңда оның бізбен бірге қызмет етіп, Бухгалтерлік есеп департаментіне жігерлікпен жетекшілік етіп жатқанына өте қуаныштымыз.
Надежда Ивановнаның атқарып жатқан қызметінің нәтижесі үшін, компанияның беделі үшін ерекше жауапкершілік сезімі бар және ұжым да оны мақтан тұтады, өйткені ол - компанияның ажыратылмас бір бөлшегі.

2

3

Барлық жаңалықтар