Жаңалықтар

5.07.2013

«SAT&COMPANY» АҚ АММ-2013 жұмысына қатысты

«SAT&Company» АҚ екінші рет АММ 2013 халықаралық тау-металлургиялық Конгрессіне қатысты. Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Роллан Мусинов Конгрессте спикер ретінде сөз сөйледі. Еншілес «ТМЗ» ЖШС металлургі  «Алтын Гефест 2013» салалық конкурсында «Жыл металлургі» номинациясы бойынша жеңімпаз болды.

Бұл жылы біздің компаниямыз тағы да 12-13 маусымда Астанада өткен ҚР ТКК жұмысшыларының Съезді мен  Қазақстанның тау-металлургиялық кешенінің Күндеріне – AstanaMining&Metallurgy (АММ-2013) Төртінші Халықаралық тау-металлургиялық Конгресіне қатысты.  «SAT&Company» көрме стенді SAT тобының негізгі металлургиялық өндірісінің 4 нобайын қамтыды. Осылайша, ең алғаш рет никель зауытының Бас жоспары және Ванюков пешінің нобайы, «Арман-100» ЖШС салынып жатқан байыту фабрикасының нобайы, сонымен қатар «ТМЗ» ЖШС ферроқорытпа цехының нобайы таныстырылды. Бұнымен қабаттаса, «ТЭМК» АҚ кальций карбиді мен көмірқышқылы бар вагондардың нобайын қойды. «ТМЗ» ЖШС тауар өнімдерінің нұсқаларын қойды.

Біздің компаниямыз үшін маңызды оқиға өз сөзінде тек қана металлургия үшін ғана емес, бүкіл ТМК үшін де өзекті мәселелерді көтерген, «SAT&Company» Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Ролан Мусиновтің Конгресстің металлургиялық сессиясының шегінде  VIP-спикер ретінде сөз сөйлеуі болды. Ол сонымен қатар өндірістерді жаңартуға және өндірістік тізбектердің бірігуіне негізделген «SAT&Company» металлургиялық стратегиясы туралы әңгімеледі. Баяндамада тілге тиек болған мәселелер тыңдаушылардың назарын аударып, қызығушылықтарын тудырды.

Бірінші күннің қорытындысы Алтын Гефест ұлттық салалық конкурсында жеңіспаздарды марапаттау болды. Әділқазылардың дауыс берулерінің нәтижесі бойынша «ТМЗ» ЖШС №1 «Ферроқорытпа» цехының бастығы Мұрат Жалғасбаев «Жыл металлургі» бас конкурстық номинациясының лауреаты болды, іс жүзінде осымен барлық Тараз металлургиялық зауытының еңбегінің жоғары бағасына және кәсіпорынның жетістіктерінің танылуына қол жеткізді.

«SAT&Company» АҚ «АММ-2013»  Конгрессіне қатысуы маңызды маркетингтік және беделдік міндеттерге жетуге мүмкіндік берді. Ең алдыменен, «SAT&Company» металлургия үшін қиын кезеңге қарамастан, компанияның қара металлургиядағы секілді түсті металлургияда да өзінің өндірісі мен жобаларының тиімділігін дамыту және арттыру бойынша міндеттерді шеше алатындығын нанымды түрде көрсетіп шықты. Роллан Мусиновтың баяндамасы аймақтық тау-металлургия нарығының қатысушыларының «SAT&Company» - дебютант болғанымен, құзыретті және маңызды екендігіне тағы бір рет көздерін жеткізді. Сонымен қатар, 2013- ТМК Күні іс-шарасына қатысушы  «SAT&Company» мен оның еншілес компанияларының қызметкерлерінің ғылыми және іскерлік ортаға өкілдік етуші аймақтық және шетелдік қатысушылармен танысып, араласуға мүмкіндіктері болды. 2013- ТМК Күніне дайындалған айтарлықтай жаңартылған таныстыру материалы «SAT&Company» жетістіктері мен әлеуетін аймақтық әріптестері мен шетелдік қонақтарға барынша әсерлі түрде таныстыруға мүмкіндік берді.  Сонымен бірге «SAT&Company» орындаған Күміс спонсордың рөлі біздің компаниямыздың атауы мен логотипіне 2013- ТМК Күнінің әрбір қатысушысының бейдждерін әрлеуге мүмкіндік берді.

Барлық жаңалықтар