ASTANA MINING & METALLURGY 2012

«SAT & Company» АҚ «ASTANA MINING & METALLURGY» III Халықаралық тау-кен металлургия конгрессіне қатысты.

2012 жылдың 4 – 6 шілде аралығында Астана қаласында елорда Күні мерекесі мен металлургтердің кәсіби мейрамы қарсаңында үшінші мәртелік Қазақстан тау-кен металлургия кешенінің Күндері өтті. Бұл өткізілген шара индустрия және жаңа технологиялар Министрлігінің  жариялауынша кен-тау металлургия өнеркәсібіндегі қазіргі таңдағы ең басты оқиға болып аталды. Себебі ол «Astana Mining & Metallurgy» (АММ) III Конгрессі және тау-кен өнеркәсібі қызметкерлерінің  III Құрылтайымен біріктіріп шықты. 

Как Өткен жылдары секілді бұл шараның да концепция негізінде мемлекет пен тау-кен өнеркәсібі және ғылымм саласы араларында тиімді қарым қатынас дамыту, соның арқасында инновациялық технологияларды терең ендіру мәселелері басты орын алды. Сонымен қатар, Конгресс жұмысы қазақстандық және шетел кәсіпорындар арасында тәжірибелерімен бөлісу, республиканың тау-кен металлургия өнеркәсібіне қосымша инвестициялар тартуға бағытталған болатын.

Бұл күндері Тәуелсіздік Сарайында  жиылыс форумы, өндірістік көрмесі, Ұлттық салалық «Алтын Гефест» байқау конкурсы, дөңгелек стол араласы мен қазақстандық және шетелдік сарапшылар қатысуымен мастер класс дәрістері өткізілді. Біздің компания бКонгресске алғаш қатысып, оның Күміс Демеушісі болып аталды. АММ шараларында  «SAT & Company» АҚ  және оның еншілес компаниялары «CAICC» ЖШС, «SAT Nickel» ЖШС, «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС, «Теміртау Электрометаллургиялық  Комбинаты» АҚ, «ФНК Ертiс»ЖШС және «ШалқияЦинк ЛТД» ЖШС басшылары қатысты.

ПАлғашқы күндегі шаралар бағдарламасы геологтар, тау кеншілері мен металлургтар  сессиясын қамтып,  мазмұнында ТМК дамуындағы әлемдік тенденциялар ағысында отандық металлургия өнеркәсібін жаңғырту және геологиялық барлау  саласында жаңашыл әдістер пайдалану мәселелері талқыланды.  Осы күні «Алтын Гефест» жүлдесімен марапаттау рәсімі өтті. Екінші күн  Қазақстан ТМК қызметкерлері III Құрылтайының ашылу салтанатынан басталып, жұмысшы топтардың «ТМК бағытындағы инвестициялар» және «ТМК кадрлері» тақырыбын талқылаумен жалғастырылды. Өткен шаралардың соңғы күні елорда мейрамы Күніне түсіп, ұйымдастырушылар қатысушылар назарына «Астана Күні» атты мәдени-көркем бағдарламасын ұсынды.

Конгресстің халықаралық деңгейі биылда жоғары тұрғысынан сақталып, өткізілген шараларда 20 елден астам 1100 өкілдері 23 елдің 20 спикерлері сөз айтып шыққан болатын.

ВТау-кен металлургиялық Конгрессі аясында өткен көрме тақырыбында геологиялық, кен шығару, өнім өңдеу, инноавциялық, қызмет көрсету және білім беру салаларындағы соңғы жетістіктер ортаға салынды. Көрме барысында ТМД елдері мен алшақ шетелдерден 60-тан астам кәсіпорындар қатысты.  «SAT & Company» АҚ компаниясы көпшіліктің бағалауы бойынша ең озық экспоненті болып аталды. Оың алдында, Конгресс ашылуынан бір күн бұрын өткен басты жаттық көрмеде Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігінің вице-министрі Альберт Рау «SAT & Company» АҚ  көрме павильонын аса бағалаған болатын. Экспозиция құрамында Теміртау электрометаллургиялық комбинаты мен Тараз металлургиялық зауыты және «SAT Nickel» ЖШС көрме стенділері көзге тұсіпті. Теміртаулық әріптестеріміздің стендісі барабандарға қапталған карбид кальцийге толы вагондары, сонымен бірге, көмірқышқыл барабандарымен жүктелген ерекше безендірілген вагондар көрінісі көзге түскен. Тараз металлургтарының экспозициясында ферроқорытпа технологиялық өндіріс жүйелерінің суреттемелері және зауыт жұмысы мен күнделікті өмірі жайындағы  көрініс қатары  тартымды орындалған.  «SAT Nickel» ЖШС өнімді Ванюков пеші әдісімен қорытатын зауыт жобасын ортаға салды. Зауыт макет-жобасы Конгресс басталардан бұрын алғашқы рет Елбасының қатысуымен өткізілген индустриализация Картасы жобаларын рәсімдеуге бағытталған  Жалпыұлттық телекөпір аясында көрсетілген болатын.  ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «SAT Nickel» ЖШС жобасын инновациялық маңызымен бірге ( никель құрамы кемқоспалы кендерді  Ванюков пешінде балқыту әдісі), оның тиімділігін аса бағалады. Себебі, қорытуға жаратылатын қуат мөлшері бірмезетте екі процеске жұмсалып, соның арқасында өндірістік шығын 2,5 есе.


«ASTANA MINING & METALLURGY» ІІІ Конгрессіндегі  «SAT & COMPANY» АҚ қатысу нәтижелері.

Қазақстан тау-кен кешенінің Күндері мерекесіне қатысуындағы компанияның алдына қойған мақсаттарын атап өткен дұрыс болар. Ең алдымен, Компания басшылығы холдингінің  жинаған потенциалын және қолы жеткен жетістіктерін халықаралық дәрежедегі ұлттық салалық шара аясында көпшіліктің алдына салып, бой көрсету уақыты келді деген шешім қабылдағанын айтуға болады.

Компания жұмысшы тобы бұл мақсатты ойдағыдай орындап, соның қызу жұмысы арқасында біздің стендіміз көрмеде ең тартымды, есте қалар экспозицияларымен көзге түсті. Жұмысшы тобының өатысушысы, бюджеттеу департаментінің директоры Алия Менсеитова айтуы бойынша, бұған жыл-сайын қатары өзгермеген қатысушылардың, бірқалыпты көрмелік концепциясы арасында алғаш қатысып отырған компанияның жаңашылдық әсері де ықпал еткен болар, дегенмен,   біздің павильонның жылтыр әйнектері,  жарқыраған шамдары, ұтымды орналасырылған кендер үлгілері мен шеберлікпен дайындалған өнеркәсіптік макет салымдары біздің павильонымызды әсіре көзге тартуымен бірге, оны дәрісті және аса қызықты қылған секілді.

Маркетингілік мақсаттарды іске асыруда «SAT & Company» АҚ –мен  бірге, оның еншілес кәсіпорындар өндірісі жөніндегі көрмеде таратылуға арнайы дайындалған деректі мағлұматтар өз әсерін молынан берді.

Тау-кен металлургия Конгрессі 2012 шарасында Күміс Серіктесі ретінде шығу өте жауапты шешім болды. «SAT & Company» көгілдір түсті логотипі жиылыс делегаттары мен көрмеге қатысушылар әрқайсысының бейджінің ленталарын әшекейлеп тұрды, Ұйымдастырушылардың аузынан түспей, Конгресстің ресми шаралары мен ресми жұмыс баспаларында үнемі шығып отырған «SAT & Company» атауы, компанияның маркетингілік және имидждік мақсаттары орындалуын қамтамасыз етті.

Компания өкілдеріне әсіресе маңызды, қызықты және пайдалы болғаны Конгресс барысында өткен кәсіби қызу қарым-қатынас деп айтсақ, қателеспейміз.  Егер де басқарушы компания басшыларына атқаруша үкімет өкілдерімен және қазіргі жіне келешекті тұтынушылармен қатынас орнату мен нығайту маңызды болса, өндірістік компаниялар басшыларына тау кеншілері мен металлургтар ортаксындағы кәсіби аралас өз жемісін бергенін айтуда. Тау-кен металлургия өнеркәсібі қызметкерлерінің Үшінші Құрылтайын ұйымдастырушы – Республикалық тау-кен шығару және тау-кен металлургия кәсіпорындарының Ассоциациясы және тау-кен өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби одағы (АГМП) Кәсіби байланыстардың аса маңыздылығын тура айтып отыр. Бәлкім, осы тұжырым ағымында Құрылтай барысында металлургтердің екі тілдегі кәсіби ән ұраны шырқады.

Мұндай дәрежедегі шара кезінде оның коммерциялық маңызы соңында болғанымен, орнатылған, нығайған қатынастар келешекте қаржылық кіріс пайда нәтижесін беретіні сөзсіз. «Astana Mining & Metallurgy» III Конгрессіне қатысу нәтижелерін қорытындылап, Әлия Менсеитова мұндай көрмеде алғаш қатысуына қарамастан, компания алдына қойған мақсаттарын ойдағыдай орындап шықты, - деп тұжырымдайды – « SAT & Company жайында хабарсыз көрушілер болды ма? Біз жайында көп естіп, өз көзімен көрмегендер басым болды.

ПІКІРЛЕР

Садықов Серік Барлықович, «Sat Nikel» ЖШС директоры

Конгресс бүкіл кәсіби ұйым ортасының назарын тартып, қазақстандық және халықаралық қатысушыларға тәжірибемен бөлісу мүмкіндігін әперді. «Sat Nikel» ЖШС директоры Серік Садықов өзінің Конгресске қатысу маңызын жоғары бағалауда: Мен үшін қызықты және маңызды тақырыптар, әсіресе, алғашқы күндерінде өткен пленарлық жиылыстарда көбінен болды. Euromines Еуропалық ассоциация директоры Корина Хебе әштрайттың ЕҰ тау-кен шығару саласының даму бас бағыттары жөнінде айтқан ойының мәні ерекше болып көрінді. Еуропа дамыған елдері зиянды өндірістерін өздерінен алшақ, басқа континенттердің кеңістігіне шығаруға тырысады. Қазір де олар тау-кен өнеркәсіптік стратегияларын өзгертіп, аймақтары ішіндегі кенорындарды игеруге көшуді мақсат қойып отыр, мұның өзі 180 градусқа бет бұрыс. Мен үшін – деп, ойын жалғастырады Серік Садықов – «КазЦинк» ЖШС Басқармасының Төрағасы Н.Поповичтің Қауіпсіздік Техникасы мәселелрін шешудегі қолданатын ерекше тәсілдері жөніндегі сөзі әсер тигізді. Мұндай тәсілдерді өндіріс құрылысының басынан бастап қолдану қажет, оның айтқан сөздерінің толық материалдарын алуға үміт артып отырмын. «Қазақмыс» АҚ-ң екі жыл аралығында қазақстандық қатысу үлесін 36 пайыздан 63 пайызға дейін көтеру бойынша тәжірибесін де игеру аса пайдалы болып көрінді. Сонымен бірге, инновациялар және жаңа технологиялар Министрлігінің басшысы Әсет Исекешевтың «Sat Nikel» кәсіпорынын  ФИИР бағдарламасындағы  келешегі мол үш негізгі жобалар қатарына қосқаны әсіресе көңіліме жақты – деп бөліседі Серік Садықов.

Сонымен қатар «Sat Nikel» ЖШС директорының аңғарғаны, инновациялық жобалар инновациялық мағынасын ұсынылған технологияларды басқалар кеңінен қолдануға көшкеніне дейі ғана сақтайды. «Көрме барысында біздің жобалар көптеген шетелдік қатысушылар тарапынан аса қызығушылық танытып, олар параметрлері жөніне жан-жақты алуан сұрақ қойып, түйендеп отырғаны анық байқалды. Менің ойымша бұл екі нәрсені көрсетіп тұр: біріншіден, технологиялардың расында инновациялық мағынасы зор, екіншіден, жобамыздығ уақыт созбай, тезірек іске асыру қажет, себебі, қалыптасқан жағдайларда, көбінесе, бәсекелестер өнеркәсіптік инновацияларды бір-екі жылдардан кейін толығынан ұғып, өндіріске ендіріп, өзіңнен озып шығу әбден ықтимал». «ТМК бағытындағы инновациялар» Дөңгелек стол отырысын, Серік Барлықович  негізінен сынға салып отырған секілді: «Бізде, әлі күнге шейін, инновация мағынасын қайта құру және жаңғыртумен шатастырып келеді. Инновация екі негізгі критерийлерден тұрады: бұл – технологияның ерекшелігі мен тиімділігінің қолданыстағы аналогтардан гөрі біршама емес, бірнеше есе арттылығы. Осы критерийлерге толығымен сәйкес бір де бір технологиялар дөңгелек столда ұсынылған жоқ. Алайда қуантар нәрселер де болды: технологиялық даму бойынша Ұлттық агенттігі Қазақстанның инновациялық жағдайын жақсарту мен инновациялық инфрақұрылымдарын дамыту бойынша әрекеттерінің күшеюі өте орынды естілді».

Сержановой,Көрме экспозициясын дайындау барысында белсенді қатысу көрсеткен Тау-кен департаментінің байыту бойынша маманы Нүрия Сержанова әсіре көңіліне жаққаны «Алтын Гефест» Ұлттық салалық жүлдесімен марапаттау салтанаты: «Марапаттау рәсімі өте жоғары дәрежеде өткен болатын – деп бөліседі Нүрия Хабиевна – бәсекенің тәекелі соңғы мезеттерге дейін – жеңімпаздарды аталмағанша сақталып отырды. Оған қоса, соңында ұйымдастырушылар рәсім дәрежесіне сай қонақтарға фуршет дастарханын жайып, назарларына түрлі әртістердің қатысуымен концерт бағдарламасы мен мерекелік лотореясын ұсынды. Алайда, біздің әріптесіміз, екі бірдей номинацияға «Жыл көшбасшысы» және «Инновация бойынша жал көшбасшысы» номинацияларға қатысқанымен, өкінішке орай, компанияның бір де бір жүлдеге ілікпегенін айтады. Берген сұраныстар санының аздығы да, номинанттардың жетістіктерін толық атап өтуде бір астым сыпайылық болған секілді. «Менің ойымша, - дейді Нүрия Хабиевна – келесі жылы байқауға бізге қатысты неғұрлым көп номинацияның бәріне сұраныс тапсыру және жетістіктерімізді батыл және толықты формада баяндау керек, сонымен қатар, сұранысты рәсімдеу талаптарын толығымен орындау қажет». Сонымен қатар, Нүрия Сержанова номинациялар санын көбейту қажеттігін айтып отыр, себебі, олардың қатарынан металлургиялық өндірісте маңызы зор кәсіптер қалып қойған – механик, КИПиА инженері, энергетик мамандықтары. «Менің пікірімше -  деп, ойын тұжырымдайды Нүрия Хабиевна, -  бұл конкурстың мәні біз үшін тек жеңіс алуда емес, компания Ұлттық масштабтағы жүлде номинациясын өткізу арқасында, қарамығындағы мамандар мен кәсіптердің бағалығын көрсету қажет».

Абуов Асылбек Халелович, ТМЗ техникалық директоры.

Конгресстің басталуынан бұрын ТМК Ассоциациясы Тау-кен Кодексін құру жөнінде мәселе көтерген болатын. ТМЗ техникалық директоры Асылбек Абуов тау-кен шығару өнеркәсібі бойынша дербес құқықты заң саласына шығару қажетті қадам ьолып табылады: «Өндіріс тиімділігі– мұнай, газ, гидрометаллургиялық өнеркәсіптерінде-  әр салада әр қалай, технологиялары мен шығын арту деңгейі бөлек – бұл АГМП атқарушы директоры Николай Радостовецтің келтірілген аргументтері, мен оларды толығымен мақұлдаймын». 

Асылбек Халеловичтің ойынша, металлургтар сессиясында және ТМК қызметкерлері Үшінші Құрылтайы аясында талқыланған мәселелер тәжірибе жүзіндегі пайдасы зор. Тура осы жиылыстарда өндірістік сауалдар түйіні ортаға салынып, ал Пленарлық отырыс пен дөңгелек столдар тақырыптары сала қызметінің макроэкономикалық аспектілері талқыланды: «Сонымен бірге, -  деп әңгімелейді Асылбек Халелович, - «ТМК инновациялары» тақырыбы аясында менің назарыма Ж.Әбишев ат. ХМИ өкілінің «Бор» технологиясы бойынша тезистері жақын болатын, өкінішке орай бұл баяндама орындалған жоқ.  Сонымен қатар, менің кәсіби алқабымнан алшақ жатса да, қызығушылық танытқаны, ҚазАтом өнеркәсібі өкілінің баяндамасы, биотехнологиялық әдістермен кендерді сіптілеу жөніндегі жалғыз-ақ әйел-баяндаушының айтқан сөздері де қызықты болды.

Жавлпы алғанда, Конгресс бағдарламасын да, оны ұйымдастыру дәрежесін де жоғары бағалаймын.