Қазақстан жайындағы деректер

Ел және оның байлықтары туралы ақпарат

small_rounded_kz

Қазақстан Азия мен Еуропа сауда жолдарының қиылысының, Еуразияның қақ ортасында орналасқан мемлекет. Шығыс, батыс, солтүстік және солтүстік-батыс аймақтары Ресеймен, оңтүстігінде Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан Орталық Азия мемлекеттерімен және оңтүстік-шығысалқаптарында Қытаймен шекаралас. Географиялық орналасуына байланысты Қазақстанның сыртқы саясаты негізінен Ресей мен Қытай елдеріне бағытталған. Сонымен қатар, Еуропа елдеріне РФ арқылы өтетін транзиттік бағыттардың да маңызы зор, әсіресе жақында Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері жасасқан Кеден Одағы жайындағы Келісім бұл мүмкіншіліктерді одан әрі арттырып отыр.
Қазақстан минералды-шикізат байлықтарының саны және түрлілігі бойынша әлемдегі жетекші орындардың бірінде орналасқан. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан хром және қорғасын кен қорлары бойынша бірінші орында, мұнай, күміс, мыс, марганец, мырыш, никель, фосфор шикізаты бойынша екінші және газ, көмір, алтын, қалайы бойынша үшнші орында.

Қазіргі таңда елдегі барланған кенорындар көптеген жылдарға жету қажет, мәселен, темір-кен саласы бойынша екпінді барланған қорлар мөлшерінің пайдалану мерзімі 80 жылдан артады. Уран және көмір салаларының айқындалған қорлары кемінде 100 жылға жетеді.

Барланған қорлардың негізінде қуатты мұнай-газ өндіруші, уран және көмір өнеркәсіптері, қара, түсті және бағалы металлдардың, металл емес пайдалы қазбалардың алуан түрлерінің кендерін өндіру және өңдеу бойынша өнеркәсіптер құрылған. Тау-кен-металлургия кешені тау-кен өндірумен және қайта өңдеумен айналысатын кемінде 200 кәсіпорындарды қамтиды. Аталмыш кәсіпорындардың тауар өнімдері қазіргі таңда Еуропа елдеріне, АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия және басқа елдерге экспортталады.

Республикада саланың тұрақты дамуын және минералды шикізат нарығының сұраныстары көбейген жағдайда өндіріс көлемін арттыратын қажетті шамадағы қара металлдардың кенорындары жеткілікті. Дамыған инфрақұрылым, өндіріс қуаттарының және бәсекеге қабілетті минералды-шикізат қорының болуы саланың экономикалық өзгерістерге тез бейімделуіне мүмкіндік береді.
Қазақстанның темір-кен кенорындарының негізінде жобалық қуаттылығы шамамен жылына 80 млн. тонна кен мөлшерін құрайтын 10 кен ошағы бар, 6 ірі комбинат жұмыс істейді. Жалпы республиканың болжамдық потенциалы қара металлдардың барланған қорларынан бірнеше есе артады.

Қазақстанның экономикалық саясаты минералдық ресурстарын алдыңғы қатарлы технологиялық жүйелер қолдану арқасында өңдеп, жоғары бағалы өнім шығару, әлемдік нарықтағы бәсеке ортасына белсенді қатысуға көзделген.
Қолайлы инвестициялық жағдайды елдегі саяси тұрақтылық, білімді мамандардың болуы, геологиялық мәліметтер жиынтығы және экономикалық заңнамалардың жұмсақтығы қамтамасыз етеді.