«КАЗНИКЕЛЬ» ЖШС

 

www.kaznickel.kz/kk

Тарихы

Құрылған мезетінен бастап компанияның қызметі металлургия өнеркәсібіндегі маңызы зор никель және кобальт секілді түсті металлдар кенорындарын қазбалау жұмыстарына бағытталған болатын. 

 «КАЗНИКЕЛЬ» ЖШС Қазақстан Республикасы Шығыс-Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында орналасқан "Горностаевск" кенорынындағы кобальт-никель кендерін барлау және өндіру қарастырылған келісім-шарт негізінде қызмет атқарады. Компания 2004 жылдан бастап кенорынды барлау және зерттеу жұмыстарын жүзеге асырып келеді.

«Горностаевск» кенорынының қоры ҚР ЭМРМ Қорларды есептеу Мемлекеттік Комиссиясы (ҚМК) 1999 жылы бекіткен С2 санаты бойынша 20,4 млн. тонна кенді құрайды, ондағы никельдің құрамы – 173 мың тонна, ал кобальттің құрамы – 12 мың тонна.

23 мамыр 2006 жылы «КАЗНИКЕЛЬ» ЖШС ҚР ЭМРМ-нен №000303 Мемлекеттік Бас лицензиясы және Тау-кен өндірісін жобалау және пайдалану жөніндегі Мемлекеттік лицензия қосымшасына ие болды.

Қызметінің негізгі бағыттары

  • Пайдалы қазбаларды геологиялық барлау
  • Тау-кен жұмыстарын жүргізу, кенорындарды қазбалау
  • Кобальт-никель түсті металлдар кендерін және кен емес материалдарды өндіру.

Мақсаты

  • Пайдалы қазба кенорындарын геологиялық барлау, тау-кен өндірісін жобалау және іске қосу саласында көшбасшы болу.
  • Кен өндіру және өңдеу жұмыстарын игеру, кен шығарудан бастап, дайын өнім және жартылай фабрикат бұйым шығару циклін біртұтас қамтитын өндіріс құру.

Байланыс ақпараты

Қазақстан Республикасы, 071403, Семей
қаласы, Пархоменко көшесі, 137А үй
Телефон: +7 722 232 48 48
Факс: +7 722 234 26 05