«Ертiс ферроникель комбинаты» ЖШС

Компания металлургия саласындағы жобаларды дамыту және ФН 20 тауарлы ферроникельді шығару мақсатында Горностаевск кенорынының кобальт-никель кендерін өңдеуге арналған технологияларды талдау жұмыстарымен айналысады.

Тарихы

«Ертiс ферроникель комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 20.03.2008 ж. тіркелген. Компания ең басынан тау-кен өндіруші өнеркәсіпке бағытталған болатын.

2009 ж. қарашасында «Ертiс ферроникель комбинаты»  ЖШС Шығыс-Қазақстан облысында "Горностаевск" кобальт-никельді кенорынын игеру хақына иелі «КАЗНИКЕЛЬ» ЖШС компаниясының 100%-дық үлесін сатып алды.  Келешекте компания тауарлы ферроникельді өндірудің жаңа технологияларын пайдалана отырып, металлургия комбинатын құру жобасына инвестициялар бағыттауды жоспарлап отыр. Жобаны игеру барысында көпшілігі қазақстандық мамандардан тұратын жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Қазіргі таңда компания кобальт-никель кендерін өңдеуге арналған жаңа және тиімді технологияларды қарастыруда.

Қызмет бағыттары

  • Никель, штейн, кобальт және ФН - 20 тауарлы ферроникель шығару мақсатында кобальт-никель кендерін өңдеу,
  • Никельді, штейнді, кобальтті және ФН - 20 тауарлы ферроникельді сату.

Мақсаты

  •  Шығыс Қазақстан облысында табиғи байлықтарын тиімді пайдаланмен қатар шығарылатын өнімнің сапасын қамтамасыз ететін өндірісті инновациялық жаңарту негізінде металлургиялық кешенді қалыптастыру. Халықаралық нарыққа шығу мақсатында әлемдік стандарттарға сәйкес келетін сапалы өнім өндіру. 
  • «Ертiс ФНК» басты мақсаты Қазақстанда силикаттық кобальт-никель кендерін өндіру және өңдеу жобаларын іске асыру.

Байланыс ақпараты 

«Ертiс Ферроникель комбинаты» ЖШС 
Қазақстан Республикасы
071403, Семей қаласы, Пархоменко көшесі, 137А үй 
телефон: +7 722 232 48 48
факс: +7 722 234 26 05