Біздің мақсатымыз

Компания ТМД елдерінің нарықтық капиталдандыру мөлшері бойынша 30 ірі өнеркәсіптік холдингтер қатарына кіруге ұмтылады. Осы мақсатқа жету барысында «SAT & Company» АҚ келесі мәселерді шешу қажет:

  • Топтың қызмет әрекеттерін келешегі зор салалар – энергетика, металлургия, машина жасау мен тау-кен өндірісіне жұмылдыру
  • Жаңа кәсіпорындарды іске қосып, өндірістік қуаттарына шығару
  • Топ активтерінің экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету, капиталдың сыртқы нарығына шығу және акциялардың бақыланбайтын пакеттерін сату арқылы оның капитализация мөлшерін арттыру.