«ШалқияЦинк ЛТД» ЖШС

Компания тарихы

«ШалқияЦинк» ЖШС 2001 жылы құрылып, қазіргі кезде Қазақстанның тау-кен өндірісіндегі үздік компаниялардың бірі болып табылады. 2006 жылы  «ШалқияЦинк» өзінің глобалды депозитарлық жазылым қағаздарын Лондон қор биржасында орналастырып шықты. 2008 жылдың күзінде әлемдік экономикалық дағдарыс және мырыш бағасының күрт арзандау салдарынан өндірістік қызмет доғарылып қалды. 

Қомпанияның негізгі өндірістік құрылымдары Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында шоғырланып, қарамағына келесі активтерді қамтуда:

• «Шалқия» кенорыны 
Мырыш-қорғасынды «Шалқия» кенорыны 1963 жылы ашылған болатын. 2002 жылы энергетика және минералды ресурстар Министерствосы «Шалқия» кен қорларын игеру жөнінде Компаниямен 45-жыл мерзімдік Контрактыға қол қойды. Оның шарттары бойынша Компания аталған мерзім ішінде «Шалқия» кенорынындағы минералды қазбаларды шығарып өндіруге айрықша құқығына ие болды. JORC стандарттары бойынша «Шалқия» кенорынындағы  жалпы кендер қоры 265 млн тонна құрайды, ондағы мырыш құрамы 8,5 млн тонна,қорғасын құрамы 2 млн тоннадан асады.  Brook Hunt (2006 жылғы қараша айындағы есебі) бойынша «Шалқия» кендері Қазақстан Республикасы жалпы кен қорларының 30 пайызынан астам бөлігін құрайды.


• «Шалкия» кенөндірісі
Қызылорда облысының Шалқия ауылы маңайындағы 1980 жылы басталған «Шалқия» кенөндіріс құрылысы 1993 жылы аяқталып, бұл кездерде шамасымен 1,7 млн тонна кен шығарылды. Салынған инфрақұрылымдар жылына 3 млн тонна кен шығаруға арналған болатын.  Компания кенорындағы жұмыстарын 2004 жылы бастап, 2007 жылдың аяғына өндірісті қайта құру мен кеңейту шаралары нәтижесінде өндіріс қуатын 1,5 млн тоннаға жеткізді. Бизнес-жоспарына сәйкес, компания, 2016 жылға қарай кен байыту фабрикасын іске қосып, кен шығару көлемдерін 4 млн тоннаға дейін көтеруді көздеп отыр .

• Кентау байыту фабрикасы  
«Шалқия» кенөндірісінен оңтүстік-шығысқа қарай 165 км қашықтықта Кентау қаласының төңірегінде орналасқан Кентау байыту фабрикасы 1963 жылы салынған. 2003 жылдың маусымында Компания «Шалқия» кенөндірісінде шығарылатын кендерді өңдеу мақсатында Кентау байыту фабрикасын сатып алған болатын. Мұнда дәстүрлі флотация әдісімен мырыш және қорғасын концентраттары өңделеді. 2007 жылдың соңына қарай Компания Кентау байыту фабрикасының кен өңдеу жылдық қуатын 1,5 млн тоннаға дейін жеткізді.

• «Талап» кенорыны
«Шалқия» кенөндірісінен оңтүстік-батысына қарай шамамен 30 км қашақтықта орналасқан «Талап» кенорыны 1984 жылы ашылды.  , 2002 жылы энергетика және минералды ресурстар Министерствосы «Талап» кен қорларын игеру жөнінде Компаниямен 20-жыл мерзімдік Контрактыға қол қойды. Компанияның жақында «Талап» кенорынын барлау бағдарламасын іске асыру нәтижесінде құрамында 0,5 млн тонна металлы бар С1 және С2 санаттарындағы  11,1 млн тонна кен қорлары анықталды. Бұл мәліметтер ҚР Қорлар бойынша Мемлекеттік Комиссиясы тарапынан  бекітілді. AMC Consultants компаниясы 2007 жылдың наурызында «Талап» кенорыны қорлары мен ресурстар көлемін “JORC” кодына сәйкес бағалау мен қайта дәлелдеу шараларын аяқтады.

Қызмет бағыттары


• Қорғасын-мырыш кендерін шығару және өңдеу жұмыстары; 
• Қорғасын және мырыш концентраттарын өндіру;

Мақсаттары


• 2016 жылға қарай қорғасын-мырыш кендерін шығару көлемін 4 млн тоннаға дейін жеткізу;
өндірілетін қорғасын және мырыш концентраттар сапасын көтеру;  

Басшылығы

photo

Бас директор қызметін атқарушы 
Қуанбай Әлкен Дәнелұлы

С2010 жылдың қазанынан 2011 жылдың желтоқсанына дейін  «ШалкияЦинк ЛТД» ЖШС қаржы директоры қызметін атқарып, 2011 жылдың желтоқсанында «ШалкияЦинк ЛТД» ЖШС Бас директоры қызметін атқарушы лауазымына тағайындалды.

Білімі - жоғары.

Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясы Алматы қ-сы (экономист мамандығы)

Fachhochschule Osnabrueck, Германия 

Тәжірибесі мен білімі: Мұнай-газ және кен шығару салаларының қаржылық бөлімдерін басқару тәжірибесіне ие, сонымен қатар, аудиторлық компанияларда 5 жыл қызмет істеген; стратегиялық және оперативті басқару, Компанияларды IPO дайындау және т.б.

Байланыс ақпараты

Қазақстан Республикасы,
050040, Алматы қ-сы,
«Almaty Towers» көпфункционалды кешені,
Оңтүстік Мұнарасы, 9 этаж
Тел.: +7 (727) 259-00-43; 
Fax: +7 (727) 259-62-22; 
E-mail: info@zinc.kz
web-сайт: http://www.zinc.kz